Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қарағандыда жалдамалы жұмысшылар бригадир мен жұмыс берушіні өлтіріп кеткен

0 340

 Қарағандыда екі адамды өлтірді деген күдікпен екі адам ұсталды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

Қылмыс 4 қараша күні түстен кейін жеке үйдің ауласында болды. Құрылыс бригадасы онда жөндеу жұмыстарын жүргізді. 59 жастағы үй иесі мен 72 жастағы бригадир жұмысшылармен келісі алмай қалған, жанжал орнаған. Куәгерлердің айтуынша,  құрылысшылар екі адамды пышақтаған. Олардың құрбандары оқиға орнында қайтыс болды. Содан кейін жігіттер марқұмдардың бірінің көлігін айдап әкеткен.

«Ұстап алу» жоспары жарияланып, көлік бірден бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Күдіктілер Қарағанды-Теміртау тас жолында ұсталды.

«Ұсталғандар (34 және 39 жастағы ер адамдар) кінәсін мойындаған. Қылмыс құралы тәркіленді», – деді Қарағанды облысы ПД басшысы Ерлан Файзуллин.

«Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәлілер 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.