Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шымкентте жадынан айрылған ер адамның туыстары мен жақындары іздестірілуде

0 660

Шымкентте жадынан айрылған ер адамның туыстары мен жақындары іздестірілуде. Қазір ол №1 қалалық клиникалық ауруханасында, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, науқасты Отырар шағын аудандағы №60 үйдің жанынан алып келген. Куәгерлер ер адамның құлап, басын соғып алғанын, осыдан кейін жадын жоғалтып алғанын айтады. Олар жедел жәрдем шақырған.

Науқасты қабылдау бөліміне алып келген. Дәрігерлер қарауынан кейін жедел түрде жансақтау бөліміне ауыстырған.

Ер адам, шамамен, 25-30 жаста. Бойы ұзын, орташа денелі. Аты-жөнін айта алмайды. Сөйлей алмайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.