Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы – баспасөз қызметінің жетекшісі болып тележурналист Данияр Асқарұлы тағайындалды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Данияр Асқарұлы 1993 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
Еңбек жолын 2014-жылы облыстық «Jambyl» телеарнасында тілші болып бастаған. 2020-жылға дейін жаңалықтар қызметінің редакторы, телеарнадағы бірқатар хабарлардың редакторы-жүргізушісі болды.
2020-2021ж. «TarazPost» ақпарат агенттігінің бас-редакторы.
Соңғы екі айда «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарды.
ҚР журналистер одағының мүшесі.
Отбасылық жағдайы: үйленген, бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.