Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жазира Байырбекованы өлтіре алмай жүрген кімдер?

0 323

Әлеуметтік желіде Жазира Байырбекова қайтыс болды деген хабар тарап жатыр. Бұны көрген әншінің өзі халық алдына шығуға қорқып қалыпты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Жазира Instagram-дағы парақшасында жазды. Әнші өзін көре алмайтын адамдардың барын мойындайды. Бірақ Жазира өзін «өлді» деп жариялағандарды іздеп тауып, сотқа бермек. Әншінің айтуынша, бұл алғаш рет емес.

Мұндай жалған ақпарат таратып жүргендері бірінші рет емес. Дұшпаным жоқ сияқты еді… Біреумен ұрсысып, ренжіскенім де есімді жоқ. Мені өлтіре алмай жүрген кім екен?,

— дейді әнші Жазира Байырбекова.

Әнші Жазираны бірнеше рет дуалағанын Express Qazaqstan бұған дейін жазған. Осыдан бірнеше жыл бұрын сән салонының ішінен дуаланған ине мен жіп тауып алған. Кейін үйінің есігінің алдынан тауықтың аяғын тауып алған еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.