Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жоба аясындағы жүздесу

0 242

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Жомарт  түлек» жобасы өз жемісін беруде. Жоба шеңберінде көптеген ілкімді істер жүзеге асырылуда. Соның жарқын дәлелі – Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектепте өткен түлектермен кездесу кеші,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Шараға білім ордасын әр түрлі жылдары тәмамдаған түлектер, мектептің жоғары сынып оқушылары мен ұстаздар қатысты. Пандемия жағдайына байланысты бірқатар түлектермен ZOOM онлайн жүйесі арқылы байланыс орнатылды.

Алғаш болып сөз алған мектеп директоры Баймұрат Жақсыбеков жүздесу мән-маңызына кеңірек тоқталды.

– Қазақта «туған жерге туыңды тік», – деп бекер айтпаған. Әр адамның туған жері өзіне жұмақ. Кіндік қаның тамған өлкенің әр адамның жүрегінде алар орны ерекше. Бұл туралы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында да көрініс тапқан. Сондықтан бүгінгі кездесудің баршаға беретін өнегесі мол, тағылымы терең. Тәуелсіздіктің 30 жылында мектебімізден 1600-ден астам түлек түлеп ұшты. Олардың қатарында Олимпиада чемпионы, мемлекетіміздің мақтанышы Бахтияр Артаев сынды тұлғалар да бар. Бұдан бөлек қаншама шәкірттеріміз еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етуде. Біз олардың әрқайсысымен мақтанамыз, – деді Баймұрат Жақсыбекұлы.

Келесі кезекте мектеп түлектері де ақжарма лебіздерін жолдап, шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты. Бұдан кейін оларды мектеп ғимаратын аралап, естелік суретке түсті.

Мұндай жүздесу алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.