Қалалық қоғамдық-саяси газет

Балқашта хабар-ошарсыз кеткен 19 жастағы бойжеткеннің денесі табылды

0 232

Қарағанды облысында із-түзсіз жоғалған 19 жастағы бойжеткеннің денесі табылды деп хабарлайды,-«Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.

2 қарашада жоғалған қыздың анасы шұғыл түрде полицияға хабар берген. Айтуынша, бойжеткен сол күні үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған. Іздеу жұмыстары сол күні басталған болатын. Полиция мен жоғалған жандарды іздейтін волонтерлер қозғалысы бірден іске кірісті. Қарағанды облыстық полиция департаменті таратқан мәліметте 2 қарашада Балқаш қаласы полициясының кезекші бөліміне 55 жастағы қала тұрғынынан өтініш түскені айтылған.

«Анасы 19 жастағы қызының хабар-ошарсыз кеткенін мәлім еткен. Бұл факті тіркеліп, полицияның бүкіл жеке құрамы бойжеткенді іздеуге жұмылдырылды», – делінген ресми хабарламада. 3 қараша күні іздеу жұмыстары кезінде Балқаш көліне жақын маңнан 19 жастағы қыздың денесі табылды.

Мәйітте көзге көрінетін азаптау белгілері байқалмайды. Қыздың өлімінің алдын ала себебі – ағзаның аязда үсуі. «Аталған жағдай негізінде барлық сараптама тағайындалды, өлім себебі анықталып жатыр», – деп түйіндеді департаменттің баспасөз қызметінен.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.