Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл полициясында Дулыға Ақмолда қонақта болды

0 175

Жамбыл полициясында қазақстандық актер Дулыға Ақмолда қонақта болды,  деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

 1 қарашада Жамбыл облысының Полиция департаментінде телеарнада бірнеше бағдарламалардың жүргізушісі, кино және театрдың, көркем және анимациялық фильмдерді дубляждау мен дыбыстаудың танымал қазақстандық актері – Дулыға Ақмолда қонақта болды.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы және Қазақстан кинематография Одағы сыйлығының лауреаты, Сарысу ауданының тумасы әрі жерлесімізді Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов қабылдады.

Бас полицей мен актердің кездесуі Полиция департаментінің мұражайында өтті. Қонаққа тәртіп сақшыларының күнделікті өмірі және қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан Жамбыл облысының батыр-полицейлері туралы баяндаумен шолу экскурсиясы өткізілді.

Белгілі актердің полиция капитаны Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ерлігіне деген қызығушылығы ерекше болды.

Кездесу соңында Дулыға Ақмолда өзінің шығармашылық жоспарларымен бөлісіп, ықыласы мен алғысын білдіре отырып, құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.