Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нокаутқа түскен зимбабвиялық боксшы көз жұмды

0 291

Таурай Зимунья отандасы Тинаше Маджонимен өткен кездесу кезінде нокаутқа түсті. 24 жастағы боксшы ауруханада тілге келмей көз жұмды, деп хабарлайды  «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы All Africa агенттігі мәлімдеді.

Қос боксшының кездесуі қайғылы жағдаймен аяқталды. Зимунья 3 раундта қатты соққыдан нокаутқа түседі. Оған дәрігерлер келмей тұрып алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Алайда олар жігітті аман алып қала алмады.

24 жастағы жігіт өлімінің себебі әлі айтылмады. Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, жұдырықтасу кезінде боксшының миына қан кеткен.

Зимбабведе мұндай жағдай алғаш тіркелді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.