Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тістерін сындырған: Павлодарда балаларының еркелігін көтере алмаған ер адам оларды соққыға жықты

0 733

Павлодарда балаларының еркелігін көтере алмаған әке оларды соққығы жыққан, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталды. Полицияға Павлодар қаласының 36 жастағы тұрғыны жүгініп, 28 қазанда күйеуі алты жасар ұлы мен жеті жасар қызын ұрғанын мәлімдеген. Ұлының екі тісін сындырған екен.

«Қоңырауға келген полиция қызметкерлері әйелдің оқиға кезінде жұмыста болғанын анықтады. Әкесімен қалған балалар еркелеп, балконға қарай жүгіріп, әкесінің сөзін елемеген. Балаларды басу үшін ер адам оларға қол көтерген», – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Балалардың анасы үйге келгенінде отағасы жұмысқа кетіп қалған екен. Әйел дереу медициналық көмекке жүгінген. Павлолар тұрғынына қатысты аталған факті бойынша ҚР ҚК 140-бабының 2-тармағы негізінде сотқа дейінгі тергеу қозғалды. Сараптама тағайындалды.

«Қазіргі уақытта Павлодар облысында тұрмыс саласындағы құқық бұзушылықтар үшін 3476 адам әкімшілік жауапқа тартылды, оның ішінде: 2486-сы – отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін, 754-і – қасақана денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін, 236-сы – ұрып-соққаны үшін. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамағаны үшін екі факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – деп хабарлады полициядан

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.