Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әйелін ұрғаны үшін сотталған НЗМ-дағы британиялық мұғалім жұмыстан босатылды

0 251

Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деп айыпталған Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде сабақ беретін шетелдік мұғалім жұмыстан кетті,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Кеше мұғалім өз еркімен жұмыстан кетті. Қосымша ақпарат бере алмаймыз. Өйткені Назарбаев Зияткерлік мектебі өз ішінде қызметтік тергеу жүргізеді. Қажет болса, полицияны да іске қосамыз», – деп хабарлады мектептің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Парламент мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі шетелдік оқытушылардың тым жоғары жалақысына назар аударды.

«Не себепті біздің еліміздегі барлық мұғалім осындай 5000 АҚШ доллары мөлшерінде жалақы алмайды? Айына! Үйге тұру ақысы төленеді. Демалыста еліне барып-келуі үшін тағы ақша беріледі. Пәтерақысында біз, салық төлеушілер төлейміз»- деп жазды Смирнова Facebook желісінде.

Еске сала кетсек, 3 жыл бойы Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жұмыс істеп, 2021 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне ауысқан шетелдік информатика пәнінің оқытушысы Ли Эшвард ауыр дене жарақатын салғаны үшін қылмыстық соттылығы бар деп айыпталған. Сондай-ақ, Ли Эшвардтың зорлық-зомбылықтан зардап шеккен бұрынғы әйелі Татьяна Король өзіне жасалған іс-әрекеттердің болғанын растады. Оның айтуынша, екеуі тұрған 2,5 жыл ішінде бұрынғы күйеуі оған бірнеше рет дене жарақаттарын салған. 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.