Қалалық қоғамдық-саяси газет

Оралдық екі алаяқ тұрғындарды 63 миллион теңгеге алдап соққан

0 157

Батыс Қазақстан облысында 400-ден астам адамға қаржы пирамидасын ұйымдастырған екі алаяқ 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Шығын 63 миллион теңгені құраған,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Орал қаласының екі тұрғыны «Көшбасшы», «Алтын Тұмар» және «Жарқын болашақ» деп аталатын қаржы пирамидаларын ұйымдастырған.

“Олар WhatsApp желісінде чат құрып, егер ақша құйсаңыз 7 күн ішінде салынған қаражаттың 100 пайызынан асатын сыйақы аласыз деп алдаған» – дейді қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері.

Ақша қолма-қол да, Kaspi Gold картасымен де қабылданған.Тергеу нәтижесінде пайда өзге салымшылардың есебінен түскен. Ал пирамиданы ұйымдастырушылар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмаған. 435 адамнан салынып, жиналған қаржы көлемі 63 миллион теңгеге жеткен.

Алаяқтарға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.