Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Айлығымызды 70 пайызға арттырсын»: Ақтөбеде «Ақтөбемұнайгаз» жұмысшылары бас көтерді

0 379

Ақтөбеде «Ақтөбемұнайгаз» жұмысшылары  бас көтерді. Бұл жолы ірі мұнай компаниясына өз көліктерімен жалданып жұмыс істейтін алпысқа жуық жұмысшы наразылыққа шықты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жалданып жұмыс істейтіндер жалақыны «Ақтөбемұнайгаз» компаниясының тасымал қызметін алған мердігер мекеме төлейтінін  айтады. Сөздерінше, ортадағы делдал компания ақшаларының жартысын ұстап қалады және көрсетілген қызметке белгіленген тариф соңғы он жылдан бері өзгермеген.

Ал облыстық еңбек инспекциясы болса наразы топтың шағымдарын қарап жатқандарын айтады. Мәселені шешу үшін Жаңажол мен Кеңқияқ кентіне компания басшылығы кетіпті. 

«Тапсырыс беруші Қытай ұлттық мұнай компаниясы. Соның мердігері СНПС АТК деген жол-көлік ұйымы бар. АТК да отырған тағы алты компания бар. Оның ішінде өздерінің техникаларын қосқан жеке кәсіпкерлер бар. Олардың ешқайсысын тексеріп көрген жоқпыз», – деп түсіндірді Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы басшысының орынбасары Талғат Есқарин.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.