Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қайрат Нұртас көлікке зорлап мінгізген бейтаныс бойжеткен кім? (видео)

0 557

Жақында әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың бейтаныс бойжеткенді көлікке күштеп отырғызып жатқан видеосы жарияланған болатын, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі alashainasy сайтына сілтеме жасап.

Желі қолданушылары әншіні «отбасын тастап жас қыздың соңынан кетті» деген айып таққан.

Видео Instagram-дағы Qaz.stars парақшасында жарияланды.

Ескерту: бейнеде бейпіл сөздер кездеседі!

Алайда, Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекова бойжеткеннің шын мәнінде кім екенін түсіндіріп берді. Продюсерінің айтуынша, видеодағы қыз оның келіні Жұлдыз Әбдукәрімова екен. Гүлзира мұны дауға айналдырған желі қолданушыларына қатты ашуланды.

Бейнежазба желіде жарияланып кетіпті. Бұл қыз менің келінім Жұлдыз Әбдукәрімова. Екеуі жиі келіспей қалады, — дейді Гүлзира Айдарбекова.

Қайраттың бұл әрекетін желі қолданушылары сынап жатты.

Қайрат адам емес. Ұятсыз бала сияқты ғой, — деп жазды олар.

Қайрат Нұртастың баласы дем жетпей, ауруханаға түсіп қалғанын Express Qazaqstan бұған дейін жазған болатын. Әншінің әкесі ауырып жатқан немересін көріп, еңіреп жылаған видеосы да желіде тараған еді. Ал бүгінде әншінің ұлы Нарұл Нұртас ауруханадан үйіне шыққан.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.