Қалалық қоғамдық-саяси газет

Лифтті талқандаған тұрғынның әрекеті камераға түсіп қалды (видео)

0 638

Түнгі сағат 04:38 шамасында көпқабатты тұрғын үйде орналасқан лифтті аяусыз талқандаған тұрғынның өрескел әрекеті жеделсатыда орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Онда орта жастағы ер адамның әйел адам екеуі мінген лифттің басқару панелін ұрып, теуіп, сындырып жатқан жері бейнеленген.

Оқиға куәгерлері аталған жағдайдың «Алатау» ауданы Первая көшесінің бойында орналасқан «Алмалы» тұрғынүй кешенінде болғанын айтады. Жазбада бұл жайттың үстіміздегі жылдың қаңтарында болғаны көрсетілген. Алайда, бұзақылық бейнеленген видео ғаламтордың қазақстандық сегментінде араға 11 айға жуық уақыт өткен соң ғана пайда болып отыр. Әзірге тәртіпсіз тұрғынның бұл ісіне байланысты құзырлы органдар мәлімдеме жасамады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.