Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда ең көп жалақыны кімдер алады?

0 507

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстан азаматтарының орташа айлық жалақысы – 243 мың теңге.

Ең жоғары жалақы:

– тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында – 501,0 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есе жоғары);

– қаржы және сақтандыру қызметінде – 452,8 мың теңге (1,9 есеге жоғары);

– кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 369,5 мың теңге (1,5 есеге жоғары);

– ақпарат және байланыс саласында – 331,1 мың теңге (1,4 есеге жоғары).

Ал ең төменгі жалақы:

– сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметкерлерінде – 154,9 мың теңге;

– ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында – 167,5 мың теңге.

Өңірлер бойынша ең жоғарғы орташа еңбекақы Атырау облысында – 419,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есе жоғары. Түркістан облысында – шамамен 181,1 мың теңге, бұл – ел бойынша орташа деңгейден 25,7% төмен.

Халықаралық стандарттарға сәйкес бір қызметкердің орташа айлық жалақысы қосымша ақы, үстемеақы, сыйақы, салық, табыс салығы міндетті зейнетақы жарналарын есепке ала отырып есептеледі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.