Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бауырлас елдердің берік байланысы

0 591

  Ертеден қазақ пен қырғыз арасындағы байланыс бекіп, мемлекеттік сипатта өріс алып келеді. Осының айғағы ретінде 30 қазанда Қырғызстан Республикасы Шу және Талас облыстарының Жамбыл облысымен көп жылдық сауда-экономикалық ынтымақтастығы аясындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

«Көне Тараз» этномәдени кешенінің аумағында өтетін жәрмеңкеде қырғыздық шаруалар 130,8 млн. теңгені құрайтын 128,6 тонна өнім ұсынады. Оның ішінде 21,7 тонна картоп, 19,1 тонна капуста, 15 тонна сәбіз, 2 тонна пияз, 30,1 тонна алма, 40 кг құрғақ жеміс және 0,5 тонна сүт өнімдері бар. Сонымен қатар, 2615 дана ағаш көшеттері, 100 дана гүл көшеттері өткеріледі.

Жәрмеңке барысында Қырғыз елінің өнерпаздарының мерекелік концерті ұйымдастырылады. Сондай-ақ, аймақ басшылары кездесіп, арнайы Меморандумға қол қою рәсімі өткізіледі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.