Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда биылдыққа 6 млн-нан аса мемлекеттік қызмет көрсетілді

0 301

Жамбыл облысында 4 887 мемқызметшінің штаты болса, оның 431-і бос тұр. Мемлекеттік қызметшілердің 47 %-ы әйелдер. Жалпы басшылық лауазымдар саны – 1 346, ондағы әйелдердің үлесі – 31 %-дан асады. Орташа есеппен мемқызметшілердің жас шамасы – 40 жас, мемқызметтегі өтілі – 12,2 жыл. Ал жыл басынан бері өңірдегі мемлекеттік органдарда 831 лауазымға конкурс өткен. Жоғары лауазымдарға 126 азамат тағайындалыпты. Заңнаманы білуге арналған тестілеуге 2 676 адам қатысса, 35,1 %-ы оң нәтиже көрсеткен,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Лесбек Ілебаев мәлімдеді. Ол биыл жоспарланған 1 140 мемқызметшінің 919-ы оқудан өткенін де айтты. «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне штаттық режімде енгізілген құжаттар саны облыстың бір мемлекеттік қызметкеріне орташа есеппен 7,5 құжатты құраған.

«Әдеп жөніндегі кеңестің 9 мәжілісі өтіп, 64 мәселе қаралды. Барлығы 207 ұсыным әзірленсе, 14-і тәртіптік істер бойынша берілсе, 193-і қызметтік тәртіпті нығайту және бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жолданды. Бүгінде 182 ұсыным толық орындалды, қалғаны орындалу үстінде. Тәртіптік істерді қарау нәтижесінде жалпы 14 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды. 3 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді. Мәселен, Жамбыл облыстық шахмат федерациясының жетекшісі Тараз қаласы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының іс-әрекетіне қатысты шағымданған. Қызметтік тергеп-тексеруден соң, бөлім басшысына «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды», – деді спикер. 

Оның айтуынша, есепті кезеңде мемлекеттік қызмет саласында 152 өтініш қаралған. Оның 77-сі өзге мемлекеттік органдарға жіберілсе, 57-сіне түсіндірмелер берілді. 3 өтініш бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді. 6 өтініш иесінің арызымен қарау тоқтатылды. 12-сін қанағаттандырудан бас тартылды.

«Мемлекеттік қызмет саласын бақылау бағытында 15 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде саладағы заңнаманы бұзудың 522 фактісі анықталып, оларды жою туралы 11 нұсқама, 1 ұсыныс енгізілді және толық орындалды. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурстық іріктеу рәсімін бұзғаны үшін 1 іс қозғалып, 22 мың теңге салынды. Сондай-ақ 47 меморганның басшысы бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – деді Лесбек Құралбайұлы.

Ол Жамбыл облысында мемлекеттік қызметтің 371 түрі көрсетілетінін еске салды. Жыл басынан бері 6 млн 430 мыңнан астам қызмет көрсетілсе, оның 93,8 %-ы электронды түрде ұсынылған. Бұл өткен жылғыдан 11,9 %-ға артық. Осы уақыт аралығында мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында азаматтардан 29 шағым келіп түсіпті. Департамент мамандары осы бағытта 11 тексеру жүргізсе, оның барысында 845 заң бұзушылық анықталған. Заң бұзушылықтарға жол бергені үшін 26 қызметкер тәртіптік жазаға тартылды. 

«Рұқсат беру құжаттарының мерзімі мен тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы 37 хаттама толтырылды. Мұны өткен жылмен салыстырсақ, 2,5 есеге өскенін көреміз», – деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы.

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.