Нұр-Сұлтанда вакцина алған екі адамға Мальдив аралдарына жолдама бұйырмақ. Ұтысқа 25 қазан мен 25 желтоқсан аралығында вакцнаның 1-ші компонентін алған кез келген азамат қатыса алады, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.
Екпені қай жерде алғаның маңызды емес. Медициналық мекеме, ойын-сауық орталығы мен сауда орталығындағы кез келген екпе салу пунктіне жүгіне аласыз.
Мальдив аралдарына екі адамға жолдама және басқа да құнды сыйлықтар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі әлеуметтік парақшасының (Facebook, YouTube) тікелей эфирінде ойнатылатын болады. Ұтысты азаматтарды екпе алуға шақыру мақсатында ойнатып жатырмыз. Вакцина өзіңнің, өзгенің және жақындарыңның денсаулығын сақтаудың жалғыз жолы, — деп көрсетілген хабарламада.