Әлемдік БАҚ-та «Талибан» қозғалысының өкілдері ауған волейболшысы Махджубин Хакимидің басын алды деген жаңалықтар таралған болатын. Алайда туыстары бұл мәліметті жоққа шығарып отыр, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде спортшыға тиесілі деп болжанған шабылған бастың қанды суреттері жарияланған. Фотосуреттерді террористік қозғалыс мүшелерінің өзі желіге салды делінген. Алайда, қыздың туыстары бұл мәліметті жоққа шығарып, оның шынымен жұмбақ жағдайда тамыздың басында көз жұмғанын айтты. Бұл кезде тәлібтер Кабулды бақылауға алмаған. Қыздың қазасының олармен ешқандай байланысы жоқ көрінеді.
Берілген мәліметтерге қарамастан, қоғамның көкейінде әлі де көптеген сұрақтар бар. Alt News Махджубиннің ағасы Скандардың әлеуметтік желідегі парақшасын тауып, 7 тамызда оның парақшасындағы суретін қара фонға ауыстырып қойғанын байқаған.
Кейінірек, 9 тамызда ол Махжубидің әскери формадағы суретін жариялап (қыз Ауған ұлттық армиясының командо корпусында қызмет еткен): “Қымбатты қарындасым, мен сені әрқашан мақтан тұтамын» деп жазған.
Журналистер спортшының тағы бір туысының профилін тауып, онымен телефон арқылы байланысқа шықты. Махжубидің туысы Скандардың шынымен қыздың ағасы екенін растады.
Сонымен қатар, ол Махжубидің Маджид Хан есімді жігітпен 2020 жылы атастырылғанын хабарлады. Содан бері ол өзінің күйеу жігітімен бірге Кабулдағы пәтерде тұрғанын айтты. Махжуби қайтыс болғанға дейін тұрмысқа шығуы керек болған. Алайда Махжуби АҚШ-тан стипендия алғанын және бұл оның туыстарымен қақтығысқа себеп болғанын мәлімдеді.
«Оны қазан айында тәлібтер өлтірген жоқ. Махжуби 6 тамызда көз жұмды. Оның денесі Кабулдағы күйеу жігітімен тұрған үйдің жуынатын бөлмесінен табылды. Ол Махжабин өзін-өзі өлтіргенін айтқан», – дейді волейболшының туыстары.