Қазіргі таңда Сарысу ауданында 11 дәріхана жұмыс жасауда.
Оның 3-і Саудакент аулында, 7-і Жаңатас қаласында, 1-і Тоғызкент а.о. орналасқан.
«Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № ҚР ДСМ-104 бұйрығы аясында аудандағы барлық дәріханалар дәрі-дәрмектердің шекті бағаларына сәйкес жұмыс жасауда.
Жалпы аталған бұйрық бойынша 6 512 дәрілік препараттардың бағаларына шекті мән қойылған.
Кәсіпкерлер дәрілік заттарды қажеттілігіне қарай негізінен Тараз, Шымкент және Алматы қалаларындағы фармацевтикалық компаниялардан («Фарм лидер» – Тараз қ., «Рауза-АДЕ» – Алматы қ., «Зерде» – Шымкент қ.) жеткізуде.