Қалалық қоғамдық-саяси газет

Орманда түнеген: Ақмола облысында жоғалып кеткен қарт ерлі-зайыпты табылды

0 445

Ақмола облысында орманда адасқан ерлі-зайыпты Баялиндер табылды,-деп хабарлайды «Zhambyl-Taraz» ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап.

20 қазанда түнгі он екі шамасында Қайыржан мен Алтынай Баялиннің ұлы полицияға жүгінгенін айтты. Айтуынша, ата-анасы көлікпен Қошқарбай ауылына келгенін, бірақ жолда дөңгелегі жарылып қалғанын айтты. 66 жастағы ер адам жаяулатып жол табамыз деп ойлаған. Сондықтан ерлі-зайыптылар көлікті тастап, жаяу жүре бастайды.

Бірақ қараңғыда жолдан адасып, ұлын көмекке шақырды. Ұлы тәртіп сақшыларына жүгінді.

Түні бойы іздестіру топтары аймақты және жақын маңдағы елді мекендерді аралап шықты. 140-тан астам адам зейнеткерлерді іздеді.

21 қазанда шамамен сағат 14.00-де ерлі-зайыптылар Бәйтерек ауылынан 25 шақырым жердегі орманнан табылды.

Ерлі-зайыптылар түнде өте суық болғанын айтты. Жол іздеп, күйеуі екеуі шаршап қалған. Сонымен қатар Қайыржан Баржақсымұлы таяқтың көмегімен қозғалады. Отбасы полиция қызметкерлеріне және оларды іздеуге қатысқандардың барлығына алғыс айтты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.