Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жыл басынан бері қанша жамбылдық жұмысқа орналасты?

0 394

Жамбыл облысында жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 49 640 адам тартылып, жсопар 100,3 пайызға орындалған. Олардың 38 874-і жұмысқа орналасқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубековтің қатысуымен өткен баспасөз конференциясында мәлім болды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

– Биыл 1 246 азаматты қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберуді жоспарласақ, бүгінде 1 321 адам оқып үлгерді. Сондай-ақ 1 015-і «екі қолға бір күрек» тапты. Оқуды аяқтағандарды жұмыспен қамту көрсеткіші 99,4 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар ағымдағы жылы «Еңбек» бағдарламасының екінші бағытымен 1 081 адамға 5 124,5 миллион теңге шағын несие беру жоспарлануда.  15 қазанға дейін 966 тұрғынға 4 338,4 миллион теңге несие үлестіріліп,  олар 807 қосымша жұмыс орындарын ашты. Бұдан бөлек, осы бағыт аясында кәсіпкерліктерін дамыту үшін 3 780 адамға 2 205,3 миллион теңге мемлекеттік гранттар беруді қарастырсақ, жыл басынан бері 3 789 азамат 2 210,5 миллион теңге еншіледі. Қазан айында 919 жасқа грант беру үшін 536,1 миллион теңге қаржы тағы бөлінді. Биыл барлығы 4 708 тұрғын грант алады, –  деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, оның айтуынша, есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындарына 1 435 адам, жастар практикасына 1 720 түлек, ақылы қоғамдық жұмысқа 10 411 азамат жіберілген.  Жұмысқа орналасқандардың міндетті зейнетақы жарнасының аударылуы облыста 76,6 пайызды құрап отыр.  Тағы бір айта кетерлігі  784 мүмкіндігі шектеулі жанға квота белгіленіп, олардың 533-іне бекітілген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.