Құрметті достар! 15 жыл бойы үндемеп едім, енді ұят болса да айтуыма тура келді, соңғы оқиғаларға байланысты бәрінің басын ашып айтуға шешіндім.
Ия, мен ағам өзінің БҰРЫНҒЫ ОТБАСЫНЫҢ проблемаларын өзі шешеді деп ойладым! Мен отбасылық, лас ойындарды көпшілікке шығарғым келмеді, Құдай біледі!
ЖАЙНАГҮЛ 2005 ЖЫЛДАН БАСТАП ОНЫҢ ЗАҢДЫ ӘЙЕЛІ ЕМЕС!
АЛ АСҚАР – туған ұлы емес! Мен қазір АРОН АТАБЕКТІҢ парақшасына ағамның рұқсатымен, ағамның айтуымен жазып отырмын! Біріншіден, АЙДАНА АЙДАРХАН, саған айтқым келеді, сен Аронның атына тағы да кір келтірдің, әдеттегідей алдадың. Әкеңнің аманатын, әкелік өсиетін орындаудың орнына, сен тағы да өзіңді жарнамалап жатырсың!
Ол осындай сатқындықтарды лек-легімен жасағаннан кейін, сенімен тұрудан бас тартты!
Сен мені дүйім халықтың алдына өзің мен анаңның және ағаңның, өзіңнің шынайы бет–бейнеңді таныстырып, ашып айтуға мәжбүрледің!
Алдымен, осы (15) жылдар бойы сендерге қаншама адамдар қаржылық көмектесті, сол қаржыдан 15 жыл ішінде ӘКЕҢЕ ЕШҚАНДАЙ СӘЛЕМДЕМЕ жібермегеніңнен, қаржылай көмектеспегеніңнен, ӘКЕҢЕ түрмеде қажет болған дәрі-дәрмек, ас-ауқаттарды ешқандай жібермегеніңнен бастайын!!!
Сен халықтың аяушылығын алып, осындай лас әрекеттеріңмен, менің ағамның атын қорламақсың ба?!
Арон тек өзінің туған інісі сендерге сыйлаған үйді қайтаруды талап етті!
Сен анаңыз екеуің Аронға түрмеде отырып-ақ, жүйеге қарсы аянбай, тайсалмай жазған өлеңдері үшін берілген Халықаралық сыйлықты алдыңдар, бірақ Аронға бір тиын да берілмеді!
Сендер сонда ғұмыр бойы, өстіп бір күн де жұмыс істемей Аронға тиесілі атақ абыройдан ақша жасап өмір сүргілерің келе ме?
Қазір ағам Аронның жағдайы өзі тым керемет емес еді, енді сенің әкеңе деген осындай ыстық «ілтипатыңнан» соң, әкеңе сыйлаған стресстен кейін, денсаулығы нашарлап кетті, ағамның жағдайы ауыр.
Айдана, Арон тек Рашид ағамыз сатып алған үйді ғана өзіне қайта тіркегісі келді ғой! Пәтер сізде қалуы да мүмкін еді ғой, егер әкеңе шын жанашырлығыңды көрсетсең! Шамасы, сендердің дүниеқоңыздық ашкөздіктерің шарықтау шегіне жетіпті. Ия, сендер оны өледі деп ойладыңдар, және ол өлсе анаң екеуің ары қарай оның есебінен пиар жасай бермек болған шығарсыңдар, енді олай болмайды!
АРОН енді меценат С.МАМБЕТАЛИН сатып алып берген ПӘТЕРДІ де, ІНІСІ РАШИДТІҢ берген пәтерін де қайтаруларыңды талап етуде!!!
СЕНДЕР БАРЛЫҚ ПӘТЕРДІ ДЕ, СЫЙАҚЫЛАРДЫ ДА иемденіп алып, АРОН түрмеде артынан барар ас-суы болмай азаптанып жатқанда сендер шетелде саяхаттап жүрдіңдер! Тарихта сендер өз қызы АРОН АТАБЕКТІҢ сатқыны ретінде із қалдырдыңдар!
БІЗДІ ТЫНЫШТЫҚ БЕРІҢДЕР!!!
ҚАЗІР бізге сендердің пиярларыңнан да маңызды мәселелер бар!
Маған АРОННЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МАҢЫЗДЫ, бары осы! Егер сендер тоқтамасаңдар, мен АРОННЫҢ аузымен айтылған АУДИОНЫ жариялауға мәжбүр боламын!
Ал енді Аронның еміне ақша жинауға келер болсақ, сен өзің білесің, Аронның өзі саған өз картаңды жарияламау туралы бұйрық берген, өйткені барлық шығындар осы үйден шығып жатқандықтан, ақшаның да бір жерге жиналуын қаладық. Барлық шығындарды мен өзім бақылаудамын! Және ол саған өзіңе ақша қажет болса, оны да төлеп тұруға уәде берді ғой! Мынауың енді тіпті ұят!!!
15 жылын түрмеге қалдырып еткен 68-ге келген ҚАҺАРМАН БАТЫРДЫ баспанасыз қалдырдыңдар. Өзі мүгедек Арон, дені сау әйелге ақы төлеп келді.
Алла бәрін көруші! Бауырыма барлық жасаған ауыртпалықтарың ерте ме, кеш пе өздеріңе оралады! Бізді жайымызға қалдыр, Айдана!!!
Арон сауығып алған соң, сенімен басқаша сөйлеседі, сенімен өзі айналысады!
Ал дәл қазір, жағдайы нашар кезде сені көргісі де, тыңдағысы да келмейді!!!
Сіздің оған деген «қамқорлығың» үшін ол қазір реанимацияда жатыр!
Аронды өлтіруге бар күштеріңлі салып жатқан сіздерге, анаңыз Жайнагүл мен өзіңнің ағаң Асқарға, саған үлкен рақмет!!!
Сен бүгін менің үйімнің қақпасына келгенде, ол ауруханада еді. Ал қай ауруханада, немесе қайда екенін айтуға Арон бірінші кезекте саған, және басқаларға да айтуға тыйым салды!
ҚҰРМЕТТІ АРОННЫҢ ШЫН ЖАНАШЫР ТІЛЕКШІЛЕРІ, АРОННЫҢ жағдайы нашарлаған соң Аронды 16 қазанда ауруханаға салғанбыз.
Оның өзінің қалауы бойынша біз барлық келушілерге рақмет айта отырып, әзірге Аронды мазаламауларыңызды өтінеміз!
Мен бұл жолдарды қазақ халқы үшін өзінің денсаулығы мен өмірін арнаған және бұрынғы отбасынан жон арқасынан пышақпен ұрғандай өзіне жасалған үлкен сатқындығына ағам үшін ұялып, жүрегімді ауыртып күйдіріп жазып отырмын!
Мен онсызда былтыр бір бауырымды жерледім, маған екінші бауырым Аронның атымен әлдекімді алдау мен өзіме пиар ешқандай қажет емес!
Ал енді, төменге жалқау, еш жұмыс істемей, әкесінің арқасында ақша тапқысы келетін АЙДАНАНЫҢ ашкөздігін әшкерелеу үшін, оның анасымен менің бауырымның ажырасу туралы куәлігін қоса беремін.
Аронды аман сақтап қалуға бар күш-жігерімізді салып жатырмыз, тілекші болған, қаражат жиып, көмектескен өздеріңізге үлкен алғысымды айтамын!
АРОН АТАБЕКТІҢ туған қарындасы
Разия Нутушева