Қалалық қоғамдық-саяси газет

АҚШ хирургтары адамға шошқаның бүйрегін салды

0 709

Нью-Йоркте хирургтар гендік модификацияланған шошқаның бүйрегін адамға ауыстыру отасын жасады,-деп хабарлайды «Zhambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Отаны жасаған Нью-Йорктегі трансплантология институтының директоры Роберт Монтгомеридің хабарлауынша, ағза қалыпты жұмыс істеп тұр. Айтуынша, бүйрек бірден несеп пен қалдықтарды шығара бастаған. Сондай-ақ, ол бүйрек салынған адамның миы өлгендіктен, жасанды тыныстандыру аппаратына қосылғанын хабарлады. Зерттеуге қатысқан трансплантология хирургиясының профессоры отаны «үлкен серпіліс және өте үлкен жетістік» деп атаған. Америкалық басылым авторының айтуынша, егер ғалымдар шошқа ағзаларын адамға салу мақсатында өсіруді үйренсе, бұл трансплантация үшін кезекте тұрған 100 мыңға жуық америкалықты құтқаруы мүмкін. Мақалада 90 мыңдай АҚШ азаматына бүйрек қажет екені жазылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресейде дәрігерлер аяғы ауыр келіншекке кесар тілігі жасалған сәтте оның нәрестесіне де ота жасап, өмірін сақтап қалғанын жазған едік. Ота кезінде баланы анасының құрсағынан жартылай ғана шығарып, кіндігін кеспеген. Осылайша, сәби жолдасының арқасында оттегімен қамтамасыз етіліп, дәрігерлер сол арада нәрестенің тыныс алу жолдарына ота жасай алған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.