Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атырауда бес жастағы қыз алтыншы қабаттан құлап, көз жұмды

0 151

20 қазан күндізгі 15:00 шамасында Атырауда бес жастағы қыз алтыншы қабаттан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Кішкентай қыз отырғышты терезенің алдына әкеліп, терезені ашып, құлап кеткен. Бұл кезде 43 жастағы анасы жұмыста болған.

“Оны облыстық балалар ауруханасына жеткіздік. Алайда ол жансақтау бөлімінде көз жұмды”, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әлия Жәмитова.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.