Қалалық қоғамдық-саяси газет

20 адамды алдап соққан: Түркиямен бизнес жүргізу курсын сатқан қазақстандық блогер алаяқтық жасады деп айыпталуда

0 1  516

Танымал қазақстандық блогерді алаяқтық жасады деп айыпталды. Әлеуметтік желіде 20 адам алаяқтықтың құрбаны болғандығы туралы хабарлама жариялаған. Олар 700 000 теңгеге Түркияда табысты бизнес жүргізу бойынша курс сатып алған. Алайда алданған азаматтар курсты да, ақшасын да ала алмаған, тіпті қорлық көрген, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

«Мен мұндайды қасыма да тілемейтін едім. Шетелге келіп, ақша берген соң телефонымды тартып алды. Содан кейін олардың бірі маған Ұлдананың мінезі ауыр екенін және одан кешірім сұрағаным дұрыс болатынын айтты. Кешірім сұраудан басқа амалым қалмады», – деп мәлімдеді жәбірленуші Ақгүл Мұратқызы.

Блогер Ұлдана Ерқасым өз кінәсін мойындамаған, керісінше, өз клиенттеріне қолдау көрсетіп, шарттың барлық талаптарын орындағанын мәлімдейді. Алайда Ақтау қаласының полиция басқармасы алаяқтық фактісі бойынша арыз түскенін хабарлады. Қазір тексеру жүргізілуде. Зардап шеккендердің саны әлдеқайда көп болуы мүмкін.

«Біз қазір курс ұйымдастырушыларын Түркияға кіріп, басқаларды алдай алмайтындай етіп депортациялауға тырысып жатырмыз. Өйткені, егер олар депортацияланса, алдағы 5-6 жылда Түркияға кіре алмайды», – деді заңгер Айгүл Орынбек

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.