Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тимофеев сәбіздің гектарынан 40 тоннадан алуда

0 169

Бүгінде күзгі өнімдердің жиналып, қоймаға жөнелтілетін уақыты. Дала дихандары тәтті түбірді, жүгері, сәбіз, пияздың нағыз қызығына еңген,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Жамбыл ауданы әкімдігі ауылшаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Самат Жарасбаевтың сөзіне сүйенсек, өңірде 1921 гектарға сәбіз орналастырылса, қазір оның 510 гектары қазылып қапталған. Қоймаға 16 687 тонна өнім тасымалданған.

Сәбізден олжалы болуды жақсы меңгерген шаруашылық төңірегінде сөз қозғайтын болсақ, Гродекова ауылындағы «Тимофеев» шаруа қожалығы еріксіз ойға оралады. Өйткені, көптен бері кәсіпке айналдырған олар сәбізді қалай баптау керек екенін жақсы біледі.

Шаруа қожалық төрағасы Андрей Тимофеев биыл 40 гектарға сәбіз екенін жеткізді.
– Сәбіз – күтімі ерекше өнім. Судан тапшылық көрмеуі керек. Биыл 40 гектарға орналастырған сәбізіміздің көрінісі ерекше. Жотасы жұдырықьай болып көрініп тұр. Екі қадымнан бір қап толтыруға болады. Қазір орташа есеппен алар болсақ, әр гектар 40 тоннадан аса өнім беріп отыр. Егістік басында 30-ға жуық жұмысшы еңбек етуде. Осы апта аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Қоймаға 1600 тонна сәбіз жиналатынына нық сенімдімін,- дейді Андрей Николайевич.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.