Нұр-Сұлтанда жастар суретке түсу үшін көпір аркасына шыққан, – деп хабарлайды “Zhambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап
Полиция мәліметінше, оқиға 19 қазанда болған. 18-19 жас аралығындағы үш адам Қабанбай батыр даңғылы бойындағы көпір аркасына шыққан.
Оқиға орнында патруль қызметкерлері жасөспірімдерді ұстап, полицияға жеткізген.
“Құқықбұзушылардың айтуынша, олар Нұр-Сұлтан көрінісін суретке түсіру үшін осындай әрекетке барған. Оларға әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, профилактикалық әңгіме жүргізілді”, – деді полиция департаменті өкілдері.
Құқық қорғау органдары астаналықтарға мұндай фотосессия қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін екенін және ол үшін өмірді қатерге тігуге болмайтынын ескертеді.