Қалалық қоғамдық-саяси газет

Үйден шықпай-ақ баспанаға тіркелуге болады

0 410

Ақпараттық қоғамда, күнделікті өзгеріс енгізіліп отыратыны жақсы таныс. Себебі барлық өзгерістер халыққа тиімді болу үшін оңтайландырылады. Осындай жақсы жаңалықтың бірі – тіркелген және тіркеуден шыққаны туралы SMS-хабарламаның келуі.

Қазіргі кезде тұрғын үй иелеріне тіркелген азаматтар мен тіркеуден шығарылған тұрғындар туралы SMS-хабарламалар жолдайтын жаңа сервис енгізілді. Енді азаматтар ХҚО арқылы тіркелген кезде тұрғын үй иесі өз телефонына тіркелген адамның деректері көрсетілген хабарлама алады. Егер баспана иесі үйінде тұратын адамды тіркеуден шығарғысы келсе, екінші тарапқа да тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлама барады. Осы тұрғыда көп сұрақ туындайтын, яғни «неге мені шығарды», «неге айыппұл төлеймін» деген. Бүгін осы сұрақтарға жауап табылып отыр, барлық тіркеу бойынша өзгерістер SMS ретінде келетін болады. Егер сізді шығарып жіберсе, бірден eGov.kz порталы арқылы немесе ХҚО бөлімдеріне жүгініп, өзіңізді басқа мекенжайға тіркеуге қоя аласыз.
Аталған жаңа сервис ақылы түрде тіркеуді ұсынатын делдалдарға қарсы күресте көмектеседі.
Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша eGov порталы арқылы да онлайн тіркеуге немесе тіркеуден шығаруға болады. Ол үшін тұрғын үй иесі мен тіркелген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы немесе жеке нөмірі тіркелген болса жеткілікті.

Шалқар Елемес,
ХҚК бойынша Тараз қалалық №1 бөлімнің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.