Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы қызметінен босатылды

0 369

Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Бақыт Ахметов қызметінен босатылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Атлеттер мен жаттықтырушылардың шағымы қаралып, нәтижесінде Спорт және мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова мен Ауыр атлетика федерациясы осындай шешім қабылдаған.

Федерация Ұлттық олимпиада комитетімен бірлесе отырып, тренерлік құрамға іріктеу жүргізбекші. Іріктеу алда болатын ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионты кезінде арнайы талаптар негізінде өткізіледі. 

Айта кетейік, бұған дейін спортшылар ауыр атлетикада Ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Сергей Седовтың үстінен шағым түсіргенін хабарлаған болатынбыз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.