Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шымкентте жаңа туған сәбиін қоқысқа тастай салған келіншек ұсталды

0 677

Шымкентте полиция қызметкерлері жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастай салған әйелді тапты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске салсақ, нәрестенің денесін бір күн бұрын Шымкенттегі мейрамханалардың бірінің маңынан аула сыпырушылары тауып алған.

Полиция мәліметінше, күдікті – 25 жастағы келіншек, қазіргі таңда ол полиция бөліміне жеткізілгені.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол «Анасының өз туған нәрестесін өлтіру» бабы бойынша төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сот-медициналық сарапшылар баланың туғанда тірі болған-болмағанын анықтауда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.