Қалалық қоғамдық-саяси газет

Азаматтық авиация комитеті Ашраф Ғанидің қазақстандық ұшақпен қашып кеткені туралы ақпаратқа түсінік берді

0 470

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Ауғанстанның экс-президенті Ашраф Ғанидың қазақстандық әуе компаниясының лайнерімен тасымалданғаны туралы ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Азаматтық авиация комитеті бұл рейсті республиканың шегінен тыс Қазақстанда жарамды операторлық куәлігі бар жеке авиакомпания жүргізгенін айтып, осы себепті ведомствода бұл жайлы ақпарат жоқ екенін жеткізді.

Комитет сонымен қатар мемлекеттік органдардың көлік компанияларының шаруашылық қызметіне араласпайтынын, сонымен қатар көлік кәсіпорындарының жұмысшы персоналын Қазақстан заңнамасында көрсетілген жағдайлардан өзге жұмыстарға жұмсауға құқығы жоқ екенін жасырмады.

Қазақстандық авиакомпаниялардың тізімі Қазақстанның авиация әкімшілігінің сайтында орналастырылған. Онда 50-ден астам компания атаулары жазылған және операторлардың бірнеше сертификаттары тоқтатылған.

Мұнымен қатар қазақстандық Air Astana, FlyArystan және SCAT авиакомпаниялары Tengrinews.kz сайтына Ашраф Ғаниді тасымалдауға қатыспағанын хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғани тамыз айында Өзбекстан аумағы арқылы елден қашып, ол жерден ары қарай БАӘ-не қазақстандық авиакомпаниямен жеткізілгені айтылған. 15 тамызда елден қашу үшін президент сарайының аумағында, әсіресе төтенше жағдайларға арналған бірнеше тікұшақ тартылғаны жазылған. Ал 16 тамыз күні экс-президент пен оның айналасындағылар ешқандай белгісі жоқ шағын ұшаққа отырған. Flightradar порталының мәліметінше, лайнер қазақстандық әуе компаниясына тиесілі болған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.