Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараздың 9 айдағы даму деңгейі сараланды

0 556
Апта басын кезекті аппараттық кеңеспен бастаған қала әкімі Ержан Жылқыбаев бүгін 3 мәселе аясында проблемаларды қаузады,- «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Кеңесте шаһардың 10 айлық әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары сараланып, базарларды қайта жаңғырту, бей-берекет сауда орындарын ретке келтіру, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған 100 жобаны іске асыру сынды мәселелер қаралды.
• 9 айдың қорытындысы бойынша негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерде аз ғана өсім болғанымен, өткен жылғы өсім деңгейімен салыстырғанда әлдеқайда төмендеу фактілері орын алып отыр. Өнеркәсіп 104,0%, ауыл шаруашылығы 100,2%, негізгі капиталға салынған инвестициялар 100,5%, құрылыс жұмыстарының көлемі 100,7%, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 105,6%, бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 101,2%. Қала экономикасының өсімін – 4-5% көлемінде қалыптастыру жұмыстары аясында бүгінде кәсіпкерлік және өнеркәсіп, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерімен алгоритм әзірленуде.
• Тараз қаласындағы барлығы 18 сауда базарының алтысы толықтай заманауи талаптарға сай келеді. Қалған 8 сауда базарлары, атап айтсақ: «Ауыл-Береке», «Дәулет», «Жібек жолы, «Ысты», «Нұралы», «Береке», «Салтанат», «Якка сарай» базары жаңғыртудан өтуі тиіс. «Ауыл-Береке», «Арзан» , «Дәулет» базарларын жаңғырту жұмыстары аяқталса, басқа базардарға тиесілі жаңару жұмыстары 2022 жылдың желтоқсанына дейін жүргізу жоспарлануда.
• Сондай-ақ, қаланың инфрақұрылымын реттеу мақсатында Көлтоған алқабын газдандыру, Көктем алқабын электрмен қамту 2-кезең, «Барысхан» және «Бурыл А,Б,В» тұрғын алқабына асфальт жол төсеу, 15 м.а. ИКИ кеңейту жұмыстары бойынша ЖСҚ-сы сараптамадан өтуде. Аскаров көшесінің 35 тұрғын үйлерін электр желісімен қамту бойынша жоба әзірленсе, Сумен қамту мәселесі бойынша 2 нысан жобасы пысықталып жатыр.
Еске сала кетейік, 2022 жылға арналған даму бюджетін қалыптастыру мақсатында құрылыс бөлімінде 32 млрд. 486 млн. 534 мың теңгеге 41 жобаның ЖСҚ-сы әзірленіп, сараптама қорытындылары алынған. Оның ішінде: тұрғын үй саласы бойынша 16 нысан, инженерлік инфрақұрлым саласы бойынша 25 нысан үшін Республикалық бюжетке өтінімдер ұсынылды.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.