Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дәрігер денсаулыққа ең қауіпті сусынды атады

0 364

Дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников «Россия 1» телеарнасында кейбір сусындардың пайдасы мен зияны жайлы айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Stan.kz  сайтына сілтеме беріп.

Қант диабеті, семіздік және онкологиялық ауруларды тудыратын бұл сусын бүгінде барлық жерде сатылады.

Дәрігердің айтуынша, денсаулыққа ең үлкен қауіп-қатер әкелетін сусын – тәтті газдалған сусын.

«Қант диабетін, семіздікті тудыратын, нәтижесінде онкологияны әкеледі. Бұл, шынымен де, остеопороздан бастап онкология мен жүрек ауруларына дейінгі үлкен проблемаларға апаратын жол», — деп түсіндірді Мясников.

Маман тіпті қарапайым суды шөлдеген кезде ғана ішу керек екенін айтады. Алайда жалпы алғанда, бұл денсаулыққа қауіпі аз дейді.

Мясников сонымен қатар шай мен кофенің пайдалы қасиеттері туралы айтты: соңғысы, атап айтқанда, жүрек-тамыр аурулары мен бауыр ауруларының алдын алуға көмектеседі, ал көк шай, өз кезегінде, онкологияға қарсы әсер етеді.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.