Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мүмкіндігі шектеулі жандарға мүмкіндік берген ректор

0 452
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде мүмкіндігі шектеулі 53 студент білім алуда. Оқу ордасының  ректоры Талғат Ешенқұлов сол жастармен кездесіп, ойларын тыңдады, – деп хабарлайды туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Оларға университетте білім алу үшін жағдай жасалған. Сонымен қатар, денсаулықтарының ерекшелігін ескеретін бейімделген білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып, «Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу» орталығының мамандары әрдайым психологиялық кеңес беріп отырады.
«Қазіргі озық технология заманында балаларды заман талабына сай, түрлі әлеуметтік жағдайлардан адаспай, дұрыс жол таба алатын, білімді азамат етіп тәрбиелеуіміз керек.
Біз қолдан келгенше, олардың тұрмыс тіршілігіндегі шектелуді жою үшін жағдай жасауды қамтамасыз етіп, оларға басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін жасау керекпіз» – дейді ректор.
Университеттің оқу корпустары мен жатақхана ғимараттары пандустармен қамтамасыз етіліп, кіріп, шығу мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету үшін арнайы сүйеніштермен жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі студенттер жалпы топтарда оқиды.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.