Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда Жуалы ауданының күндері өтуде

0 812

Қазақ елінің Ұлы даладағы  киелі де қасиетті бір бөлшегі – қос ұлы таулар – Алатау мен Қаратаудың түйіскен тұсына орын тепкен құтты Жуалы өңірі ықылым заманнан ата-бабаларымыздың құтты қонысы, өркениет пен қайнаған тіршіліктің ордасы болған.

Жуалы топырағы,  шын мәнінде береке дарып, құт қонған қасиетті өлке. Тарихы  тереңге   тартқан   қастерлі де  қасиетті  өңірдің  халқы  ежелден қайсар да еңбекқор болған. Бағзы замандардан киелі жерді мекендеген тұрғындар негізінен, егін және мал өсірумен  шұғылданған. Қазір де бұл үрдіс өзгерген жоқ. Жері шаруаға барынша ыңғайлы, түгін тартсаң, май шығатын өлкеде қуаңшылық болған жылдың өзінде шаруалар малдың қыстайғы азығына жетерлік жем-шөбін жинап алады. Күні кешегі өтпелі кезеңдегі өндіріс тұралаған 1996 жылы  ауданның ауыл шаруашылығы саласында 1,9 миллиард теңгенің өнімі өндірілсе, «Ауыл жылдары» бұл көрсеткіш екі еседен астамға өсті. Ал, бүгінде ол 26 178,5 миллиард теңгені құрап отыр.

Егіншілеріміз рынокта жоғары сұранысқа ие дақылдарды молынан өсіруге күш салып, дәнді дақыл өсіруде облыста жыл сайын алдыңғы қатардан көрінуде. Олар биыл да ақ егіс алқабының әр гектарынан елімізде қуаңшылық болуына байланысты орташа өнімділігі 12,6  центнерден дән жинап алды.

Ауданның жалпы өңірлік өнімінің көлемі есепті мерзімге 25 759,7 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,5 пайызға артық орындалды.

Жалпы ішкі өнімнің құрылымында өнеркәсіп үлесі 26,2%, ауыл шаруашылығы жалпы шығарылымы 46,0 %, құрылыс жұмыстарының көлемі 8,5%, сауда айналымы 19,3%-ды құрады.

Жалпы, тәуелсіздік жылдары барлық салада ауыз толтырып айтарлықтай толымды табыстар жетерлік.

Бүгінгі Ауылшаруашылық  жәрмеңкесіне Жуалы ауданынан 7,5 тонна картоп, 5 тонна көкөніс, 250 кг жылқы еті, 250 кг қой еті, 500кг сиыр еті, 200кг бал өнімдері,2 тонна алма,500 кг табиғи қолдың қаймақ,  құрт, ірімшік пен  ауданымыздағы сыр заводтарынан 1 тонна сүт өнімдері қойылды. Жәрмеңкеден басталатын бүгінгі шара төмендегідей жалғасын табады:

16:00 – Көрмелер, ұлттық спорт ойындары

17:00 – Концерттік бағдарлама

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.