Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тойда 60 килограмм алтын әшекей таққан қалыңдық жүре алмай қалды

0 2  947

Қытайдың Хубэй провинциясында үйлену тойында қалыңдық күйеу жігіті сыйлық ретінде берген 60 килограмм алтын әшекейді тағып жүре алмай қалды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Дәстүр бойынша қалыңдықтың қалыңмалын төлеу үшін алтынды күйеу жігіттің отбасы сатып алып берген. Оның туыстары қызға екі ірі білезік тарту еткен. Ал күйеу жігіттің өзі әрқайсысының салмағы бір килограмм тартатын 60 қымбат алқа тақты.

Әшекейлер ауыр болғаны соншалық қалыңдық өздігінен жүре алмады, оған болашақ күйеуі көмектесті.

Қалың мал төлеу – Азияның, Африканың және Таяу Шығыстың кейбір елдерінде сақталған ежелгі дәстүр. Қытайда қалыңдықтың туыстары некеге келісу үшін әдетте 200 000 юань (12 миллион теңге) мен пәтер талап етеді.

Ресейде, Украинада және көптеген еуропа елінде керісінше әдет-ғұрып кеңінен таралған: күйеу жігіттің отбасы қалыңдықтың жасауын күтеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.