Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Келсем, күлдің қалдығы ғана қалған»: Ақмола облысында өзін өртеп жіберген азамат жайлы туыстары айтып берді

0 1  158

Ақмола облысының Аршалы ауылында 49 жастағы азамат өзін-өзі өртеп жіберді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

Бұл  жантүршігерлік оқиға елдімекен тұрғындарын дүр сілкіндірді. Бірақ оның мұндай әрекетке неге барғанын ешкім білмейді.

Қаза тапқан азаматтың тек әкесі бар көрінеді. Марқұмды туыстары мен көрші-қолаң соңғы сапарға шығарып салған. Бірақ оның бұл әрекетке не үшін барғанын ешкім айта алмайды. Оғаш мінезін, ыңғайсыз тірлігін ешкім байқамаған.

Марқұмның қарындасы не болғанын, қалай болғанын түсіне алар емес. Сол күні түсте көлігін жуды, үйін жинап, жап-жақсы боп жүрген. Өзін өлімге қиятындай ештеңе  болмаған.

“Мен жұмысқа кетіп едім. Қайғылы жағдайды жұмыс берушім жеткізді. Әкеміз ауруханада жатқан. Әлі түсім сияқты. Мен келгенде күлдің қалдығы ғана қалған, бірақ ағамның денесін танып білдім”, – дейді марқұмның қарындасы.

Марқұмның өз отбасы болмаған. Жолдасынан 5 жыл бұрын ажырасып кеткен. Жақыны-әкесі мен ауылда тұратын осы қарындасы ғана. Ол ағасын жүзі жарқын,  қамқор, ерекше мейірімді еді  деп еске алды. Ешкімге зияны жоқ, өзімен-өзі жүретінін де айтты.

“Ол мен үшін ең қамқор, ең керемет аға болып қалады. Мен оны қатты сағынатын боламын. Не үшін бұлай істегенін әлі де түсіне алар емеспін”, – дейді марқұмның қарындасы.

Марқұмның өртеніп жатқанын көршісі көріпті. Бірақ аман алып қала алмаған. Содан қатты шошынып қалған ол әлі өз-өзіне келмей жатқан көрінеді. Полицияға хабарласып, хабар беріп қана үлгеріпті.

“Өзін-өзі өлтіруге жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның барысында өзін-өзі қол жұмсаудың себебі анықталатын болады. Оқиға орнында өлім алды хаты болған жоқ”, – дейді Ақмола облысының полиция департаментінің басшысы Гүлнар Пинчук.

Марқұмды туыстары мен көршілері ақтық сапарға шығарып салған.  Ал ойламаған сәтте ұлынан айрылған әкесі есеңгіреп, әлі есін жия алмай жүр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.