Қалалық қоғамдық-саяси газет

15 миллион теңгеге пластиктен жасалған гүлдер отырғызған Ақтау әкімдігі сынға қалды

0 356

Ақтауда газонның орнына пластиктен жасалған инсталяция орнатылған. Бюджет есебінен жасалған газонның бағасы 15 миллион теңгені құраған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме беріп.

Шенеуніктер Ынтымақ алаңындағы бұл пластиктен жасалған “туындыны” “Гүлденген дала” декоративті жүйесі деп атаған. Әкімдікте хабарланғандай, бұл декорациялық инсталяцияны «Clover media group» ЖШС жасаған. Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі осы жылдың 16 қыркүйегінен бастап олармен шарт жасасқан.

Инсталляцияның ауданы 200 шаршы метрді құрайды. Жобаны іске асыру құны 15 404 000 теңгеге бағаланған.

Әкімдік қазіргі уақытта биыл 20 қазанға дейін аяқталуы тиіс деп жоспарланған жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

Абаттандыру бойынша жүргізілген жұмысты жергілікті тұрғындардың бірі фотоға түсірген екен.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.