Жамбылская областная общественно-политическая газета

Қазақстанда түнгі клубтардың ашылуына рұқсат берілмек

0 445

Қазақстанда түнгі клубтар Ashyq жүйесінде “жасыл” мәртебесі бар келушілер үшін жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Шешім коронавирустық инфекцияның таралмауы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды.

Сонымен қатар, әрбір санитарлық-эпидемиологиялық аймақ бойынша олар түнгі клубтардың болуына шектеулер қоймақ:

– “жасыл” аймақта – 100 адамнан аспауы тиіс;

– “сары” аймақта – 70 адамнан аспауы тиіс;

– “қызыл” аймақта – 50 адамнан аспауы тиіс.

Сондай-ақ, Ashyq жобасына қатысушыларға жеңілдіктер қарастырылып жатыр.

“Енді Ashyq жобасының қатысушылары сағат 3.00-ге дейін, ал көшбасшы – жасыл аймақта 5.00 -ге дейін және сары аймақта сәйкесінше 1.00 және 3.00 -ге дейін жұмыс жасай алады. Біз бас санитарлық дәрігерлердің қаулыларына өзгеріс енгізуін күтеміз”, – деді” Атамекен” басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

Шешім Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілгеннен кейін күшіне енеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.