Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұжырымдама қызу талқыға түсті

0 351

Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті өңіріміздің зиялы қауымдастығымен, жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының қатысуымен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойыша әзірленіп жатқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамаларын ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына дейін әзірлеу көзделді.

Құжатты әзірлеуші Агенттік болғанымен, қоғам өкілдерінің және бизнес қауымдастықтарының ұсыныстары ерекше ескерілетін болады.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Б. Ниязов әзірленіп жатқан құжаттың маңыздылығын айта кетіп, тұжырымдаманың құрамы жайлы толық тоқтап өтті.

Сонымен қатар аталған жиында Жамбыл облысының жоғарғы оқу орындарының басшылықтары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша атқарып отырған жұмыстары туралы да айтып кетті.

Дөңгелек үстел барысында жиналған қауым сыбайлас жемқорлықты алдын алуға бағытталған бірқатар ұсыныстарын айтып, әзірленіп жатқан тұжырымдаманы қызу талқыға салынды.

Тұрғындардың назарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына қосатын ұсыныстар арнайы сайт  www.adal.com.kz арқылы қабылданады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.