Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кемел келешекке нық қадам

0 1  284

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын халыққа насихаттау бағытындағы жұмыстар жүйелі ұйымдастырылуда. Кеше облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымымен кездесті.

Әлем елдерінің экономикалық жағдайына әсер еткен пандемия бізді де айналып өтпегені рас. Осындай күрделі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына Жолдауы көптің көкейіндегі мәселелердің шешімі болғандай. Насихат жұмысын дәл осы мәселеден бастаған Гүлдана Әлімжанқызы Жолдауды жан-жақты түсіндірді.
– Былтыр пандемия экономикаға айтарлықтай әсер етті. Бірақ соған орай туындаған мәселені шешу бағытында қыруар жұмыстар атқарылғанын да естен шығармау керек. Жұмыспен қамту жол картасына сәйкес әлеуметтік нысандар салынып, жұмыспен қамту мәселесі жүйелі ұйымдастырылды. Оның үстіне қырық жылда бір келетін қуаңшылық та шаруаларды ойландырды. Осы тұста мемлекет тарапынан бос жатқан жерлерді игеру мәселесі оң шешімін тапты. Орман шаруашылығындағы жерлер де жайылымға пайдаланылды. Егін егу маусымында да шаруаларға көмек көрсетілді. Әрі еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімдері мен дақылдарын экспорттаудан бұрын, ішкі қажеттілікті толықтыру мәселесі де қолдау тапты. Мемлекет басшысы Жолдауда негізгі салалардың барлығын қамтыды. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер, әсіресе пәндік олимпиадаларда топ жарған оқушыларды ақшалай сыйақымен марапаттау мәселесіне де көпшілік қолдау білдіріп отыр. Біз Жолдауда айтылған мәселелердің барлығын жіті түсінгеніміз абзал. Себебі Президент Жолдауындағы жүйелі жоспарлар мен межелі міндеттерді жүзеге асыруға баршамыз бірге атсалысуымыз қажет, – деді Гүлдана Әлімжанқызы.

Сәндібек Піренов

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.