Қалалық қоғамдық-саяси газет

Пешіңіз қысқа дайын ба?

0 303

Жаз айлары аяқталып, алғашқы аяздар жақындауда. Қыста шатырсыз қалмас үшін Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы пешке назар аударып, оны өртке қауіпсіз күйге келтіруге кеңес береді.
Жыл сайын, жылыту маусымының алдында азаматтық қорғау қызметкерлері жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп тұрмысы нашар және аз қамтылған отбасылар тұратын тұрғын үйлерді аралай бастайды. Аралау барысында пештер мен түтіндіктерді орнатуға басты назар аударылады, тұрғындарға оларды жою бойынша ұсынымдар беріледі, жадынамалар табыс етіледі. Бірақ көбінесе біздің ұсыныстарымыз назардан тыс қалып, адамдар тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға немқұрайлы қарайды, пештерді жылдар бойы жөндемейді, түтіндіктерді тазаламайды, электр өткізгіштерге назар аудармайды. Нәтижесінде ондаған жанып кеткен үй мен құрылыстар тіркелуде.
Статистика бойынша жыл сайын қаламызда 150-ден 200-ге дейін өрт болады. Бірақ өрт қана емес, ақаулы пеш көмірқышқыл газы адамдардың өліміне әкелуі мүмкін. Тіпті құдықтағы мұржа құбырының шамалы жарықшағынан шыққан түтін қайғылы жағдайға жеткізеді. Сіздің үйіңізде қайғылы жағдай болмас үшін пешті жылыту маусымына дайындауды ұсынамыз.
Есіңізде болсын, жылыту маусымы басталар алдында пеш пен түтіндіктердің жарамдылығын тексеру қажет. Пешті тексеру жүйелі болуы керек. Пештен қауіпсіз қашықтықта отын мен басқа да жанғыш материалдарды жинау қажет. Кешке пештің оттығын ұйқыдан 2 сағат бұрын тоқтату керек. Жиһаз, перделер және басқа да жанғыш материалдар жанып жатқан пештен 1 м жақын емес жерде орналасуы керек. Түтіндіктер мен пештерді күйеден жылыту маусымының алдында, сондай-ақ барлық кезеңінде, кемінде үш айда бір рет тазарту қажет.
Пешпен жылытуды пайдалану кезінде мына заттарға тыйым салынады: пештердің осы түрлеріне арналмаған отынмен жағу; пештерді жағу үшін бензин, керосин, дизель отынын және басқа да тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдану; пеш оттығының мөлшерінен асатын отынды пайдалану, желдету құбырларын мұржалар ретінде пайдалану және пешті өртке қарсы бөлусіз (шегініссіз) пайдалану.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.