Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елордадан жеткен жылулық

0 227

Иісі қазаққа қарайласып, қол үшін созуды әдет пен міндетке айналдырған асыл текті ұрпақтың сойылын соғып жүргенге не жетсін. Саңылауына жамау, құлазыған көңілге тіреу, ұнжырғасы түскен жанға демеу болатын қазақ жұрты қай кезде болмасын жақынының қасынан табылып, көмектесуге әзер тұрады. Бұл – қанымызға сіңіп, тамырға бойлаған қасиет. Кешегі аймақта орын алған жарылыстың салдары қараша халыққа оңай тиген жоқ. Туыс-туғанынан айырылған отбасыларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді. Несиелері кешіріліп, қаржылай көмек берілді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Бұған қарамастан жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлер қара жамылған отбасыға демеушілк жасап, қажеттілікпен қамтып отырғанын да көріп отырмыз.

Жуырда жан жадыратар жаңалықтың ұшын шығарған Бесағаш ауылдық округінің әкімі Бейбіт Нигматтулаев сонау елордадан келген жылулықты бізге де сезіндірді. Түрксіб ауылының тумасы Серік Сабырбековтың мұрындық болуымен бас қаладағы «Алаш» базарының басшылығы мен кәсіпкерлері 1 милионнан аса қаражат жинап, марқұм болған ерназарлық Тәңірберген Төребековпен сарыкемерлік Арнұр Темірболатовтың үйіне ауыл ақсақалы Болат Айдарбеков пен Серік Сабырбеков арнайы барып, құран бағыштап, елордалықтарын ыстық ықыласын жеткізсе керек.

Жырақта жүрсе де, мейрімін төгіп, жанашырлығын көрсетіп отырған арда ағайындардың қайырлы амалына сансыз сауаптар жазылсын деп сөзімізді түйіндегеніміз жөн болар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.