Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмола облысында жоғалып кеткен ер адамның мәйіті орманнан табылды

0 418

6 қазанда Ақмола облысында жоғалып кеткен ауыл тұрғынының өлі денесі орманнан табылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

«9 қазанда Шортанды мен Дамба ауылдары арасындағы орманда іздеу шаралары кезінде Шортанды ауылының 42 жастағы тұрғынының мәйіті табылды», – делінген дүйсенбіде таратылған хабарламада.

7 қазанда Шортанды ауылының 42 жастағы тұрғыны жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Оның 47 жастағы жұбайы Сағындық Қасанайұлы Бимүрзенов 6 қазанда сағат 14.00 шамасында көк велосипедпен үйден шығып, жоғалып кеткенін мәлімдеді.

«Аудандық полиция бөлімі мен Шортанды ауданының өрт сөндіру бөлімінің барлық жеке құрамы жоғалған адамды іздеуге жұмылдырылды. Сонымен қатар еріктілер іздестіру шараларына қатысты. Сүңгуірлер облыс аумағындағы су қоймаларына зерттеу жүргізді», – деп хабарлады полиция басқармасы.

Жоғалу фактісі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді.

«Қазіргі уақытта мәйіт Нұр-Сұлтан мәйітханасына жіберілді. Сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.