Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қызылордада мектеп аумағында жарылыс болды

0 401

Қазалы ауданы Тасарық ауылындағы орта мектеп аумағында орналасқан қазандық жарылды. Жапа шеккендер жоқ, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін таңертең 8:15-те Қызылорда облыстық Төтенше жағдай департаментіне Қазалы ауданы Тасарық ауылындағы №238 орта мектебінің аумағындағы (мектептен 50 метр қашықтықтықта) жылыту қазандығының жарылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Қазандық ғимаратының қабырғалары бұзылған. Қаза тапқандар мен жапа шеккендер жоқ», – деп мәлімдеді Қызылорда облыстық төтенше жағдай департаменті басшысының орынбасары Саид Молдакараев.

Мектеп жұмысы тоқтатылмады. Ауа температурасы +9 градус болған.

Қазандық ғимаратының үйінділерін мектептің 15 қызметкері мен 2 арнайы техника жинастырып жатыр. Оқиға орнына Төтенше жағдай департаментінің екі қызметкері мен бір техника жіберілген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.