Қалалық қоғамдық-саяси газет

Маман қара түсті масканың қауіпі жайлы айтты

0 498

Дәрігер Елена Морозова сәнді болғанымен, қара түсті масканың қауіпті болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Елена Морозованың айтуынша, карантиннің ұзаруына байланысты ерекше маскалардың саны күн сайын көбейіп келеді.

Маман қара түсті бояғыштың аллергенді екенін алға тартады. Әсіресе, маска арзан синтетикадан жасалса. Мұның әсерінен дерматоз үлкен мәселе тудыруы мүмкін.

Мақта-матадан тігіліп, сапалы бояғышпен боялса, мұндай масканы тағуға болады. Егер өнімнің қандай материалдан жасалғанын білмесеңіз, ақшыл түстегі матадан тігілгенін не болмаса қарапайым медициналық масканы таңдаған жөн.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.