Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әйелге араша түскен: Түркістан облысында ашуға мінген жігіт бір адамды өлтіріп, екіншісін жаралады

0 740

Түркістан облысында сот 30 жастағы ер адамды өлтірді деп айыпталған 24 жастағы Ақсукент ауылының тұрғынына үкім шығарды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 2021 жылдың маусым айының басында қонақүйлердің бірінде болған. Қызметші әйел орындықта отырған жастар тобынан карантин режимінің талаптарын бұзбау үшін тарқауды сұраған. Жігіттер келісіп, бірақ олардың ішінен біреуі шығып қарт әйелді балағаттай бастаған.

Жақын жерде кездейсоқ өтіп бара жатқан екі адам оған тоқтау айтқан. Ашуға ерік берген ер адам пышағын шығарып, оларға тарпа бас салған. Ол екеуіне де бірнеше пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Зардап шеккендер тез арада ауруханаға жеткізілген. Жігіттердің бірінің пышақ жарақаты орташа ауырлықта болған. Екіншісінің жарақаты ауыр болып, ол келесі күні жан тәсілім еткен.

Полицияның жедел әрекетінің арқасында күдікті 24 сағат ішінде анықталып, ұсталды. Оған қарсы жәбірленушілердің бірінің өліміне әкеп соққан екі адамға ауыр және орташа жарақат келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сотта күдіктінің қылмысы толығымен дәлелденді. Сайрам аудандық сотының үкімімен ол қатаң режимдегі колонияда 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.