Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жәрмеңкеде 14 түрлі өнім арзандатылған бағада саудалануда

0 415

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған  «Туған жерім – дархан далам!» атты Жамбыл ауданының Тараз қаласындағы күндеріне арналған іс-шаралар легі ерекше леппен басталды, – деп хабарлайды  «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Дәл қазір Жамбыл ауданы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің 14 түрлі өнімі Тараздың қақ төріне қойылды.

Жәрмеңкеде 200 келі сиыр еті, 270 литр сүт, айран, 3000 дана жұмыртқа, 900 келі жеміс-жидек, 1150 келі пияз, 500 келі картоп, 250 келі шұжық өнімдері, 250 келі сәбіз, 70 келі ірімшік, қаймақ, сүзбе, 30 литр қымыз, 100 келі қырыққабат, 50 келі қияр тараздықтарға ұсынылды. Әдеттегі бағадан төмен сатылып жатқан Жамбыл ауданының жәрмеңкесі тұрғындардың қалтасына салмақ түсірмеді.

 

 

 

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.