Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бұқара үшін жасалған дүниені бүлдіруге неге құмармыз?

0 770

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Таразға тарту» жобасы өз жемісін беруде. Баянды бастамаға облыс әкімдігінің басқармалары, аудандар, түрлі сала басшылары бір кісідей атсалысты, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Жоба шеңберінде пайдалануға берілген «Денсаулық саябағы» шаһар тұрғындарының сейілдеп, бой жазатын демалыс орнына айналды. Әсіресе, саябақ ішінде орналасқан қауіпті індетпен күресте өз өмірлерін құрбан еткен ақ халатты абзал жандарға арналған ескерткіш көрген жанды толғандырмай қоймайды. Күні кеше осы мүсінді бәз біреулердің бүлдіріп кеткенін көзіміз шалды. Қала әкімдігі жедел түрде бұзылған ескерткішті қалпына келтіргенімен, бүгін тағы да бұзақылар осы мүсінді қиратып кеткен.

Бұқара үшін жасалған дүниені бүлдіруге неге құмармыз? Қаламызда көрікті нысандардың көбейгені барлығымызға ортақ қуаныш емес пе?  Ендеше сол барды бағалап, көздің қарашығындай сақтауға тиіспіз ғой… Ол үшін осындай тентектерді тезге салғанымыз жөн. Бұған жалғыз қала әкімдігі ғана емес, барша қоғам белсенділері де мүдделі болуы қажет. Сонда ғана санамыз түзеліп, шаһардағы әрбір дүниеге құрметпен қараймыз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.